© Архив
Қазақстан Еңбек министрлігінің хабарлауынша, биыл еліміздің 15 кәсіпорнында 3 сағаттан артық жұмыс тоқтатылып, ереуіл болған. Маңғыстау облысында-7, Атырау облысында-3, БҚО-2, Ақтөбе облысында – 2, Ұлытау облысында-1 ереуіл, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
"Қазіргі уақытта барлық ереуіл аяқталды. Қызметкерлердің негізгі талаптары – жалақыны көтеру, "ҚазМұнайГаз" АҚ еншілес ұйымдарының штатына ауыстыру, сыйлықақыларды төлеу, еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны индекстеу", – деп толықтырды ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.
Еңбек дауы мұнай-газ, тау-кен металлургиясы және коммуналдық салалардың кәсіпорындарына, сондай-ақ олардан тапсырыс алатын ұйымдарда жиі болады. Барлық ереуіл ҚР Еңбек кодексінде белгіленген қызметкерлердің талаптарын ұсыну рәсімдерін сақтамай, "стихиялық тәртіппен" өтті, осыған байланысты соттардың шешімдерімен 5 ереуіл заңсыз деп танылды.