Маңғыстау ауданда біраздан бері мәселе болып келген мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тасымалдау көлігі (инватакси) алынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік қызметін тірек-қимыл жүйесі және көру қабілеті бұзылған 1- топ мүгедектігі бар (99 адам) жандар пайдалана алады. Олар әлеуметтік нысандарға бару қажеттілігі туындаған кезде инватакси қызметіне жүгіне алады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысымен тамыз айында жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурс жеңімпазы «СемАЗ» ЖШС арнайы көлікті жеткізіп берді.
Айта кетейік, мекеме 2014 жылы желтоқсан айында алған инватакси 2020 жылдың мамыр айынан бері жарамсыз саналып, осыған байланысты арнайы көлік қызметін көрсету мүмкіндігі болмаған еді.