Маңғыстау ауданына жұмыс сапарының екінші күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Сайөтес және Шетпе ауылдарына барып, тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтема жасап.
Сайөтес ауылдық округінде екі мыңнан астам адам тұрады. Мұнда 392 орынға есептелген "Өтес" жалпы білім беретін мектеп бар. Сондай – ақ 56 орындық "Жауқазын" бөбекжайы және 50 орындық "Балдәурен" балабақшасы бар. Бір дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт жұмыс істейді.
Сайөтес ауылы толығымен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы ауылдық округке жататын Боздақ елді мекеніне келетін болсақ, бұрын су Шетпеден теміржол арқылы су тарату пунктімен жеткізіліп келген болса, осы жылдың басынан бері Боздақ елді мекенінің тұрғындары үшін тұзсыздандыру қондырғысы жұмыс істей бастады.
Сонымен қатар, ауыл 100% табиғи газбен және электрмен қамтылған.
Сайөтес ауылында 91 кәсіпкер тіркелген. Оның тұрғындарының көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады, мұнда 65 шаруа қожалығы бар. "Ауыл аманаты" жобасы аясында 3 тұрғын жалпы сомасы 16 миллион теңгеге несие алған.
Ауылда 200 орындық кітапхана мен мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары 10 жылдан астам күткен мәдениет үйінің бір бөлігі кітапхана ретінде салынуда. Нысанды 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Ауылдық округтің балалары спортпен белсенді түрде айналысады. Сайөтес спорт мектебінде бес түрлі спорт секциясы бар. Олар футбол, волейбол, самбо, дзюдо және қазақ күресі.
Екі күндік жұмыс сапарын қорытындылай келе, Нұрлан Ноғаев Шетпе ауылында болып, Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесті. Аудан тұрғындары облыс әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Оларды ТҮКШ, жұмысқа орналасу, туризм, медицинаны дамыту және балалар алаңдарын салу мәселелері қызықтырды.
Шетпе ауылында 35,5 мың адам тұрады. Жалпы аудан бойынша 22 жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ 31 мектепке дейінгі мекеме бар.
2023 жылы 120 млн теңгеге алты мектеп жөнделді.
Оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Шетпе ауылында 200 орындық А. Меңдалиұлы орта мектебінің, Бекі ауылында 100 орындық тағы бір мектептің және Шетпе ауылында "Жайлы мектеп" бағдарламасы бойынша 600 орындық тағы бір мектептің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Тұщыбек ауылында 160 орындық бастауыш мектепке қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, халықтың көп бөлігі белсенді өмір салтын ұстанатынын және 15 мыңнан астам бала спортпен шұғылданатынын атап өткен жөн. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Маңғыстау ауданында барлығы 36 спорт кешені жұмыс істейді.
Маңғыстау ауданында 638 шаруа қожалығы тіркелген, оның 42-сі егін шаруашылығымен, 596-сы мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы аудан бойынша 13 мың бас мал бар.
"Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша Маңғыстау ауданының 23 тұрғыны жалпы сомасы 200 миллион теңгеге жуық несие алды.
- Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін ауыл тұрғындарына қолдау көрсетеді. Біз жаңа жұмыс орындарын құруға және өз бизнесін дамытуға ұмтылатын жандарды қолдаймыз. Ауыл тұрғындарын кәсіпкерліке ынталандыру және өкілеттілігіміз шеңберінде оларға қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету - негізгі міндеттеріміздің бірі. Біздің мақсатымыз-кәсіпкерлікті дамыту және ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолайлы жағдай орнату, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.