Бүгін Ақтауда бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні акциясына орай Республика күні мен қаланың 60 жылдық мерейтойы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша барлығы 211 түп ағаш: 55 айлант, 67 қылқанжапырақты және 89 жапырақты ағаш отырғызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Бүгінгі іс-шара аясында «Premium Plaza» және «Green Park» ТҮК арасындағы орталық жол бойына – 44 жапырақты және 67 қылқан жапырақты ағаш, Ә. Кекілбайұлы атындағы кітапхана жанындағы орталық жол бойына 45 жапырақты ағаш, сондай-ақ 18ш/а 20 үй мен 21 үй артына 55 айлант отырғызылды,- деді қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Нұрбол Әділов.
Айта кетейік, акцияға ботаникалық бақ мамандары мен Green City ЖШС қызметкерлері, қала мен облыс әкімдіктерінің қызметкерлері және "Маңғыстау Медиа" ЖШС өкілдері қатысты.
Мемлекеттік тапсырыс аясында