«Толқын-1,2» шағын аудандарындағы жеке тұрғын үйлерде қоқыс шығарумен айналысатын «Евро Сервис Джо» компаниясы өкілдерінің айтуынша, аталған аумақтағы үйлерде орналасқан кей фирмалар олармен келісім-шарт жасаспаған. Яғни, қоқыс шығарумен айналысатын ұйыммен келісім жасамай өз қалдықтарын көшеге заңсыз төгуде.
Қалалық әкімдік бұл мәселені шешу мақсатында және қаланың тазалығы мен көркін сақтау үшін заңсыз төгілген қоқыстарды тазарту жұмыстарын жүргізуде.
«Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 367-бабына сәйкес тұрғын үйлерде немесе жекелеген ғимараттарда (құрылыс үй-жайларында) қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер орталықтандырылған жүйені пайдаланған сәтте қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын субъектімен келісім-шарт жасасуға міндетті. Осыған орай, қазіргі уақытта Сіздерді аталған ықшамаудандағы қоқыс шығаруды жүзеге асыратын «СоцСервис-А» ЖШС ұйымымен заңнамада белгіленген тариф бойынша келісім-шарт жасасуға шақырамыз», - деп хабарлады әкімдік өкілдері.