Маңғыстау облысында орналасқан Манашы мемлекеттік табиғи қаумалында жер көктеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, жердің ылғалды болуы өсімдіктердің көтерілуіне оң септігін тигізіп отыр.
Аумағы 172 573,2 гектарды құрайтын қаумал өңірдегі екі ауданның арасында орналасқан.
Мәселен, қаумалдың Маңғыстау ауданына 118 985,5 гектар алқабы болса, Бейнеу ауданына 53 587,7 гектар тиесілі жері бар.
Сондай-ақ, Тепке кен орынына қарасты жер 55 455 гектарды құрайды.
Бүгінде Манашы мемлекеттік табиғи қаумалында арқар, қарақұйрық, қарақал, азиялық барыс, қасқыр, түлкі және көптеген құс түрі мекен етеді.