Ақтауда магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қалаға тағы 1,4 шақырым жаңа құбыр жеткізілді. Бұл туралы «Алматыинжстрой» АҚ учаске басшысы Бақытжан Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа құбырларды монтаждау жұмыстары қаладағы барлық учаскелерде жүргізілуде. Соның бірі 11А шағын аудан айналма жолдан бастап 12А шағын аудан «Port Aktau» сауда орталығына дейінгі аумақ.
- Қалаға тағы 1,4 шақырым жаңа құбыр жеткізілді. Енді 2,5 шақырымға жуық жаңа құбырлар келеді. 11А шағын аудан айналма жолдан бастап 12А шағын аудан «Port Aktau» сауда орталығына дейінгі аумақта 1, 790 шақырым жаңа құбырлар жаңартылуда. Осындай жұмыстар басқа да учаскелерде жүргізіліп жатыр, - деді «Алматыинжстрой» АҚ учаске басшысы Бақытжан Мұхамеджанов.