© Архив
«МАЭК» ЖШС ЖЭС-те №2 энергоблок генераторының роторын жөндеу жұмыстары аяқталған соң оның орнықтылығы мен электрлік қосылуын тексеру үшін турбина іске қосылып, сынақтан өткізілді. Осы жұмыстар сәтті аяқталған соң энергоблок синхрондалып, желіге қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«2023 жылы №2 энергоблок апаттық жағдайда тоқтағаннан кейін 13 ай бойы жөндеуде тұрды. Бұл Маңғыстау өңірін тұрақты түрде электрмен жабдықтауға елеулі қауіп төндірген болатын.
№2 энергия блогын іске қосу тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір ұлғайтады», деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта жылу электр станциясында барлық үш энергия блогы жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда «МАЭК» ЖШС ЖЭС өндірісі 360 МВт құрайды.