Маңғыстау өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы сайланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өңірге белгілі эколог, биолог, Орта Азия Рамсар өңірлік бастамасы Үйлестіруші комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов "ECOJER" қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Кеше өткен кеңес отырысында барлығы жаңа төрағаның кандидатурасын бір ауыздан қолдау тапты.
Әділбек Мұстажебұлына сәттілік тілейміз және кеңес жұмысына сапалы деңгейге көтереді деп сенім білдіреміз. Бұған дейін төрт жылдан астам уақыт кеңес төрағасы болып келген Қажымұрат Сейілханұлы Хайрушевқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамыз, - деп жазылған Маңғыстау аймақтың экологиялық кеңесі таратқан ақпаратта.