14 маусымда суда тағы бір қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Сағат 19:20-да «101» пультіне Ақтау қаласындағы «Монтажник» демалыс базасынан 1,5 шақырым жерде 21 жастағы жігіт суға батып кетті деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден бірнеше сағатқа созылған іздеу жұмыстарын бастады. Алайда қараңғылық салдарынан сенбі күні таңғы алтыға дейін іздеуді тоқтатқан. Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.