"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ақтауда өткен сенбілік кезінде елуге жуық адам 25 тонна қоқыс шығарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"АқжолҚұрылыс" ЖШС кезекті сенбілік кезінде тоғызыншы өндірістік аумақты тазалап, 45 қызметкер сенбілікке қатысты. Қала тазалығына атсалысу мақсатында 4 арнайы техника жұмылдырылған.
Серіктестік өкілі Ардақ Қатарбаевтың сөзінше, қоғамдық науқанға ат салысу әрбір азаматтың жазылмаған міндеті.
"АқжолҚұрылыс" ЖШС қызметкерлері бүгінгі сенбілік кезінде ауқымды шараларды атқарды. Серіктестік орталықтың кеңсесінен 45 адам тазалық науқанына ат салысты. Біз бірлесе отырып 25 тонна қоқысты жинадық. Бұл ұжымның қалаға деген қамқорлығының және қоғамдық тазалықты қалыптастыру мақсатында атқарған сүбелі еңбегі. Бүгінде еліміз бойынша акция кең көлемде жалғасып келеді. Мемлекет басшының ұсынысымен бастау алған жоба өзіндік маңызымен ерекшеленеді", - деді Ардақ Қатарбаев.
Айта кетейік, бүгін қала бойынша өткен сенбілік науқаны аясында қоғамдық орындар тазаланған болатын.