Құрықта оқ тиген 21 жастағы науқас жансақтау бөлімінен нейрохирургия және инсульт бөлімшесіне ауыстырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының мәліметінше, науқастың жағдайы - бірқалыпты. Қазір тұрақты емін қабылдап жатыр. Дәрігерлердің бақылауында.
Еске салайық, науқас сол жақ бет аймағының атылған жарақаты, төменгі жақ сүйегінің ашық сынығы, мұрын, ауыз қуысында, көз аймағының артқы жағында пытыралардың, оқ дәрілердің болуы диагнозымен облыстық көпбейінді ауруханасына санитарлық авиациямен өте ауыр жағдайда жеткізілген. Осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде ем қабылдады.