Маңғыстау облысында биыл 6 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров Қоғамдық комуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, жалпы Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты.
Қазіргі уақытта өңір «жасыл аймақта». COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны наурыз айынан бастап 29 258 адамды құраған. 2020 жылы облыс бойынша 3710 тұрғын инфекция жұқтырса, былтыр о19 763 адам коронавирус жұқтырған. Биылғы қаңтар айынан бастап 5 786 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны мәлім болып отыр.
Осы орайда тұрғындарға инфекциялық 7 стационарларда 108 төсек орын дайындалған.
Стационарларда науқастар саны 14 желтоқсандағы дерек бойынша 3 адам болса, қазіргі уақытта 12 адамға жетті.
«Коронавирус бүкіл әлемді жайлаған дерт. Оның салдарында көріп жүрміз. Өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы біздің қолымызда. Сол себепті өңір тұрғындарын жеке гигиена талаптарын сақтауға, дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды тұтынуға шақырамын. Адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға кеңес беремін. Сондай-ақ, облыста ковидке қарсы вакцина бар екенін еске салғым келеді, - деді Аманбек Жұмыров.
Басқарма басшысы вирус басталғалы бері облысқа 707 680 доза вакцина жеткізілген. Қазір қолданыста «Пфайзер» вакциналары бар. Осы уақытқа дейін I – компонентпен 284 222 адам егілсе, II – компонентімен 280 369 тұрғын қамтылған. Ревакцинациядан 116 199 адам өткен. Қайта ревакцинациялаудан – 14 319 адам өтіп отыр. Қазіргі уақытта «Пфайзер» вакцинасымен ревакцинация және қайта ревакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.