Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов "Бірлестік-2024' жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатқан Оймаша полигонында болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бас штаб бастығы оқу-жаттығудың тактикалық эпизодтарын пысықтау барысын бақылап, әскери лагерьдің инфрақұрылымы мен бөлімшелердің жаттығудың белсенді кезеңіне дайындығын тексерді.
Қазіргі таңда оқу-жаттығудың негізгі кезеңдері өтуде. Полигонның тактикалық алаңында бес мемлекеттің әскери контингенті түнгі ату жаттығуларын өткізуде. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрамында жаттығу жиынына белсенді қатысып жатқан қатардағы жауынгер Жасұлан Қауқанов атыс алаңынан ата-анасы мен туған өлкесіне ыстық сәлемін жолдайды.