16 шағынаудан 59 үйдің шатырынан құлап, көпқабатты екі үйдің ортасына құлаған 17 жастағы бала есін жиды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Баланың жағдайы - ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр, - дейді МО көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаев.
Еске салайық, оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған. Зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген болатын.