Бүгін Бейнеу ауылы әкімін сайлау науқаны басталды. Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Бейнеу ауылында 32 040 адам дауыс беру құқығына ие, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ауыл әкімінің кандидаттығына 2 адам тіркелген. Ауыл бойынша барлығы 17 учаске жұмыс істеп тұр. Учаскелер кешкі сағат 20:00-ге дейін өз жұмысын жалғастырады.