Ақтауда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 желтоқсан күні жол полициясы таңғы сағат 5:00 шамасында қаладағы 5 шағын ауданның автокөлік жолдарының бірінде “Лада Приора” автокөлігі тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын мас күйде басқарғандығы белгілі болды.
Сондай-ақ, 27 жастағы азаматтың бұған дейін де тоғыз жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Аталған дерек негізінде қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеудің біірыңғай тізіміне тіркеуге алды.