9 желтоқсан күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Ақтау қаласы 25 шағын ауданда орналасқан қойма маңында 19 жастағы Түркістан облысының азаматы ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке тінту жүргізу барысында құрамында "мефедрон" синтетикалық есірткі заты бар 30 байлам табылып, тәркіленіп алынды. Кейін уақытша тұрғылықты жері бойынша пәтерді тінту барысында құрамында "мефедрон" синтетикалық есірткі заты бар көлемі үлкен бір байлам тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 44,84 граммды құрады.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.