Ақтаудағы 5-шағынаудандағы 1-үйдің тұрғындары қала әкімі Ербол Ізбергеновке бейнеүндеу жолдап, тұрғын үйге қызмет көрсететін «Шанс» ПИК-нің жұмысын жіті тексеруді өтінді. Тұрғындар хабарлауынша сапасыз коммуналдық қызмет салдарынан тұрғын үй апатты күйге жеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Үй төбесінде орналасқан көп тонналы құрылымның бірі 2004 жылы құласа, бұл оқиға екінші мәрте 2016 жылы қайталанған. Алайда орын алған жағдайға қатысты ешқандай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген.
«Металл құрылымдар күні бүгінге дейін үй төбесінен салбырап тұр. Қай кезде құлары беймәлім. «Шанс» Пик-інің төрайымы Татьяна Вежновецтің мәлімдеуінше 2016 жылы жолданған өтінімге сәйкес қала әкімдігі аталған мәселені шешуге қаржы бөлген, алайда ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Бюджеттен бөлінген қаражаттың қайда кеткені белгісіз. Бұл үшін ешкім жауапкершілік алмайды. Заң аясында ешкім жазаланған да емес. Подьезд бен шатырдың, баспалдақтарға жүргізілген жөндеу жұмыстарына «Шанс» ПИК-і ақша алады, бірақ тиісті деңгейдегі жұмыстар жүргізілмейді»,-деп атап өтті тұрғындар.
Подьездердің кіреберісін жөндеу жұмыстары көңіл көншітерлік жағдайда емес.
«Бірнеше жыл бұрын подьездердің қабырғалары сырланғанымен, уақыт өтер-өтпес бәрі түсіп, бәз-баяғы күйіне енді. Татьяна Вежновец барлығын қайта қалпына келтіретіндігін уәде еткенімен, бес жыл ішінде ешқандай жұмыс жүргізілмеді»,-делінген бейнеүндеуде.
Судың қысымын тұрақтандыру үшін сорғылар орнату да тұрғындарды алаңдататын түйіткілді мәселе.
«Құрметті Ербол Ізбергенов, сіз ауыз су қазір толық көлемде және қалаға жақсы қысыммен беріледі деген мәлімдеме жасадыңыз. Бізде әлі күнге дейін жоғарғы қабаттарда сы сыздықтап ағады. Осы көктемнен бастап, әсіресе жазда күндіз ауыз сусыз қаламыз. Күз басталғанымен үйдегі жағдай жақсарған жоқ. Жоғарғы қабаттардың тұрғындары ауыз суды жинау және жуу үшін суды жинақтайды. Біз «Шанс» ПИК және Ақтау қалалық әкімдігіне сорғыларды орнатуға өтініш бердік. Жауап әлі жоқ. Біз тұрғын үйге сорғыларды тезірек орнатуға көмектесуіңізді сұраймыз, өйткені биыл көктемнен бастап 294 отбасы өмір сүруге қажетті көлемде ауыз суды пайдалана алмай отыр. Біздің "Шанс" ПИК жұмысын тексеру жөніндегі комиссия құруды сұраймыз,-деп шағымданды Ақтау қаласының әкіміне 5-шағын ауданның 1-тұрғын үйдің тұрғындары.