Каспий теңізіне жақын маңда жер сілкінісі болғаны анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерасты дүмпулерін еліміздің сейсмикалық станциялар желісі бүгін түнде Астана уақытымен 00:09-да тіркегені мәлім болды.
"Аталған жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 1913 шақырым жерде тіркеліп отыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. MPV магнитудасы - 4,4, - деп жазылған сейсмикалық станциялар желісі таратқан хабарламада.
Әзірге бұл жағдайдың еліміздің ішкі аумағында сезілгені туралы мәлімет айтылған жоқ.