© Архив
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Түпқараған ауданында итбалықтардың 62 өлексесін тапты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі дерек бойынша күндізгі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша табылған теңіз жануарларының ұшасы 62 басқа жетіп отыр. Бұл туралы еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Оқиға орнына жағалауға мониторинг жасау тобы аттанған. Олардың қатарында балық инспекциясы, облыстық экология департаменті мен жергілікті әкімдік өкілдері бар.
Экология департаментінің мамандары судан сынама алғанын мәлімдеді. Инспекторлар полицияға, табиғатты қорғау прокуратурасына және ветеринарлық қызмет пен Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына, гидробиология және экология институтына, қазақстандық қолданбалы экология агенттігіне, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығына хабарлады.