Қаратұрын кен орнын игеріп жатқан компания өкілдері өндіріс аумағындағы ұңғымадан шыққан өртті сөндіру желтоқсанның соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жер қойнауын пайдаланып жатқан өндірістік мекеме кен орнындағы апатты жою жұмыстары екі кезеңнен тұратынын айтып отыр.
«Қазір біз геологиялық деректерді жинадық. Сонымен бірге ұңғымадағы өртті сөндірудің екінші кезеңдеміз. Желтоқсан айының басында газ горизонтын толығымен тығыздап, содан кейін цемент құюды жоспарлап отырмыз. Бұл өрт шыққан ұңғыманы толық бақылауға алуға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды жоспарланған, - деді "БозашыМұнай" ЖШС директорының орынбасары Данияр Дүйсембаев.
Қаратұрын кен орнындағы өрт 9 маусымда шыққан болатын. Компания басшылығы кен орнындағы апат күтпеген жерден 3 млрд.теңгеге шығын әкелгенін айтып отыр.