Қаңтар айынан бастап Қарақия ауданында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту жалғасы жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ және оған қарасты мекемелердегі бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде:
- «МаңғыстауМұнайГаз” АҚ - Дәнекерлеуші-5 адам ( Құрық-4, Мұнайшы-1), Токарь-1 адам (Құрық-1);
- «ОSC» ЖШС - Дәнекерлеуші -1 адам(Құрық);
- Оқытушы-1 адам (Жетібай-1);
- Зат сақтаушы (қоймашы) -1 адам (Құрық-1);
- Ағаш ұстасы - 1 адам (Жетібай-1),
- Слесарь -1 адам (Жетібай);
- Такелажник - 2 адам (Жетібай-2);
- «Технотрединг» ЖШС – 4 адам (Жетібай-4);
- «М-Техсервис» ЖШС-1адам (Жетібай-2);
- «BBJ GROUP» ЖШС-1 адам (Құрық-1);
- «Клинфилд Қазақстан» ЖШС -4 адам (Жетібай).
Тоқмақ жерінде су тұшыту зауытының құрылысына жауапты «СМК-АТАМЕКЕН»ЖШС-нің сұранысы бойынша, биыл 1 шілдеден Жетібай ауылының жұмыссыз 15 азаматы вахталық әдіспен жұмысқа кіріскен. Сонымен қатар, екінші легіне жолданатын 15 азаматтың құжаттары жинақталып, 16 шілде күні өз жұмыстарын бастады.
Алдағы уақытта «СМК-Атамекен» ЖШС-де жұмыс ауқымының ұлғаюына байланысты сұраныстың көбейетінін және бос жұмыс орындарының саны артпақ.