Қарақияда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық челленджі басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Негізінен аудан аумағындағы жағажайларда жазда халық көп жиналады. Алайда бұл орындарда шашылған түрлі қоқыс пен полиэтилен, пластик құтылар көп. Осы орайда жағажайларда сенбілік ұйымдастыру бастамасына аудан жастары белсене қатысқан.
«Тазалық шарасына қатысушылар таңертең бірнеше шақырымға созылып жатқан теңіз жағалауын қоқыстан тазартты. Аталмыш шараға аудан бойынша 120-ға жуық адам қатысып, 3 техника жұмылдырылды. Барлығы 75 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды», - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Бұл ретте Қарақия әкімдігі барша тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоқысты арнайы жәшіктерге салуға, қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырып отыр.