Құрық ауылындағы «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмысы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарына енген жолдың ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта Құрық ауылындағы Досан батыр көшесіндегі 1 шақырым болатын автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталып үлгерді.
Ал орташа жөндеу жұмыстары Ардагер көшесінен ескі наубайханаға дейін аралықты құрайтын 1.3 шақырым (Құрық Порт ЖШС жолына қосылады) және Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясының (МРЭК) жанындағы автомобиль жолының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Ел игіліне берілетін жолды мердігер ретінде «Ынта» ЖШС-і жүзеге асыруда. Ал жоспар бойынша жұмыстар қыркүйек айына дейін толықтай аяқталмақ.