«Ақтөбе - Маңғыстау» бағытындағы пойызбен Құрық ауылына өзінің сұранысы бойынша 31 адам келді. Оның ішінде 18 ересек, кәмелетке толмаған 13 бала бар. Қарақия кәсіптік колледжіндегі эвакуациялық пунктке жайғасты, - деп хабарлайды хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эвакуациялық пунктте төсек-орын, азық - түлік жеткілікті және барлық қажеттілікпен қамтылған, эвакуацияланғандар дәрігерлер бақылауында. Сонымен қатар аудан бойынша CALL-орталық жұмыс істеп тұр. +77751327997 Асылбек, +77016530798 Тұрсынбек.
Қарақия ауданына эвакуацияланғандар саны - 132, туыстарының үйіне 58 адам орналасты, эвакуациялық пунктте 74 адам тұрып жатыр.
Ал Түпқараған ауданына Құлсарыдан 132 адам келген. Оның ішінде 18 жасқа толмаған 66 бала бар. Келушілердің ішінде Форт-Шевченко қаласына 5, Ақшұқыр ауылына 31, Сайын Шапағатовқа 87, Баутиноға 4, Қызылөзенге 5 адам келді.
Құлсарылықтардың дені туыстарының үйіне орналасқан болса, Сайын Шапағатов ауылдық округіне келушілердің дені "Аура" демалыс орнына эвакуацияланды. Сонымен бірге "Сүйінғара" спорт кешеніне де келген тұрғындар бар.
Түпқараған ауданы бойынша 24/7 CALL-орталық жұмыс істейді. +7 702 6828137 Советхан Болжабаев.