Құрық ауылына қарасты стансада ғасыр жасаған Қаным Сүйіндіковаға Маңғыстау облысы әкімі Н.Ноғаевтың құттықтау хаты табысталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Құттықтау хатты аудан әкімі Қ. Беков табыстап, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ әженің келіні Гүлбария Аққожанқызына да Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.
Аудан басшысымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Бегниязов Қаным Сүйіндікованы құттықтады. Ел ағалары Қаным әженің өмір жолы және оның арғы атасы Шабар ишан туралы арнайы түсірілген бейне материалды тамашалап, ғасыр куәгерінің естелігін тыңдады.