Маңғыстау ауданының әкімдігі мен оған қарасты бөлімдер мен ауыл әкімдіктерінде бір жыл ішінде 15 мемлекеттік қызметші жұмысын тоқтатқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 10 қызметкер өз өтінішімен кетсе, 4-еуі зейнетке шыққан, ал біреуі қысқарған.
Қызметтен кеткендердің орнына басқа саладан 7 маман, әкімдік бөлімдерінен 3 маман ауысып келген. Ал бір қызметкердің лауазымы өскен.
2022 жылдың қазан айында Ақтөбе ауылдық округінің әкімі болып Бекмурзин Махамбет Сүндетұлы сайланды.
2023 жылдың қаңтар айында Сайөтес ауылдық округінің әкімі қызметіне Әбдиев Сабыржан Қабылбердіұлы сайланды.
2022 жылдың 23 қараша күні аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Сарбалаев Мұхтар Ұранбекұлы тағайындалды.
2022 жылдың 12 желтоқсан күні Бөкембаев Нұржан Нұржігітұлы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне басшы болып тағайындалды.
2023 жылдың 15 ақпанында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып Бердібаев Дәулетбек Абзалұлы тағайындалды.
2023 жылдың ақпанында аудан әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары қызметіне Сейлов Маралбек Мұғайұлы облыстық конкурс қорытындысымен тағайындалды.
2023 жылдың шілдесінде "Дария" кәсіпорын директоры қызметіне Қожамбетов Нұркен Теміржанұлы тағайындалды.
2023 жылдың 15 желтоқсанында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып Күзембаев Орынғали Сырымұлы тағайындалды.
2023 жылдың 21 қараша күні аудан әкімінің орынбасары бос лауазымына Жандос Романұлы облыстық конкурс нәтижесімен тағайындалды.
2023 жылдың 22 қарашасынан бастап аудан әкімінің кеңесшісі қызметін Шамғұлов Айдос Әділұлы жалғастырды.
2023 жылдың 14 желтоқсан күні Қызан ауылы әкімі лауазымына жарияланған сайлау қорытындысы бойынша Балғабаев Ғабит Қызан ауылы әкімі қызметіне сайланды.
Аудан прокуроры қызметіне Сейбағытов Абат Даржокұлы, аудандық сот төрағасы қызметіне Өтебалиев Дастан Дәулетұлы тағайындалған.