© Фото azh.kz
7 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтауда түнде кей уақыттарда тұман болуы мүмкін, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ТЖД-ға сілтеме жасап.
«Егер көктайғақ туралы хабарлама алсаңыз, қозғалыс кезінде сақ болыңыз және жарақат алып қалмауға шара қолданыңыз. Тұманға байланысты жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, алда келе жатқан көліктен қашықтық сақтауды сұраймыз. Автокөлікпен тұманда дұрыс жүру дегеніміз - бұл дәлдік және ұқыптылық. Қолайсыз ауа-райы жағдайында жаяу жүргізуші өте мұқият болу керек», - делінген ТЖД хабарламасында.