Ақтауда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңа ойын алаңдары, спорттық алаңдар, жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынды. Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев шағын аудандарда жүргізілген абаттандыру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асқан. Атап айтқанда, 28 шағын аудан 34-үйдің артында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 1044 шаршы метр жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, 31 дана орындық пен 31 дана қоқыс жәшігі, 31 дана жарық шам бағанасы орнатылды. Сонымен қатар, 156 шаршы метр воркаут алаңы салынды.
Ал 13 шағын аудан 16,17-үйдің артында 1400 шаршы метр жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, 35 дана орындық пен 35 дана қоқыс жәшігі, 35 дана жарық шам бағанасы орнатылды. Сондай-ақ, 17 шағын аудан №99 тұрғын үй маңына жаңа 185 шаршы метр балалар ойын алаңы мен 160 шаршы метр воркаут алаңы салынды. 20 дана жарық шам бағанасы, 14 дана орындық және 14 дана қоқыс жәшігі орнатылды.
Сонымен қатар, 33 шағын аудан 32-тұрғын үйдің алдына жаңа балалар ойын алаңы мен футбол алаңы салынды, қазір аталған жерде түзету жұмыстары жүргізілуде. Ал 29 шағын ауданда 220-тұрғын үй мен 11 шағын аудан 20-тұрғын үй маңында балаларға арналған жаңа ойын алаңы салынып, қолданысқа берілді.
-Ойын алаңдары мен спорттық алаңдар қала тұрғындарының сұранысымен жасалды. Қаланың бос тұрған жерлерінде екі сквер салынып пайдалануға беріліп жатыр. Сапалы жұмыстарды жүргізу мақсатында 2024 жылы 80 балалар ойын алаңы мен 50 спорттық алаңды салуды жоспарлап отырмыз. Тозығы жеткен алаңдарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстардың барлығы өскелең ұрпақ үшін жасалуда. Тұрғындар балаларына ойын алаңдарын сындырмай, күтіп-ұстау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізгені жөн. Себебі ұқыпты, күтіп ұстасақ бұл нысандардың әрі қарай сапалы жұмыс жасауына мүмкіндік береміз, - деді қала әкімі.