Маңғыстаулық спортшылар гір спортынан өткен ел біріншілігінде жеңімпаздар қатарынан көрінді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласында 23-27 ақпан аралығында гір спортынан Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Аталған турнирге республиканың 15 облысынан 300-ден астам спортшы қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
Гір спортынан МО аға жаттықтырушысы Асхат Олжабаев Маңғыстау облысынан 15 спортшы қатысып, 4 алтын, 2 күміс иеленгенін атап өтті. Олардың қатарында жасөспірімдер арасында 68 келі салмақ дәрежесінде Мейрамбек Аманқосов күміс жүлдегер атанса, жастар арасында 78 келіде сынға түскен Мәлік Ахметов пен 78 келіден жоғары салмақта Дархан Бүркітбай жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, ересектер арасында Бақытжан Советханов 85 келіде үздік шықса, 95 келі салмақта Аманесен Бисенов күміспен күптелді. Ал ардагерлер арасында Айдын Ахметов , 95 келіде топ жарды.