© Архив
Ертең, 5 наурыз күні Мұнайлы ауданындағы Ф.Оңғарсынова атындағы мәдениет үйінде облыстық «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты байқау өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Байқауда әр аудан, қаладан келген 6 келін бақ сынайды. Олар өзін-өзі таныстырып, өнерін көпке көрсетеді. Аспаздық шеберлігін сынға салып, өмірлік жағдайларға қатысты сауалдарға жауап береді.
Жалпы байқаудың мақсаты - қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, тілін, мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу, насихаттау.
Келіндер байқауы 8 наурыз Халықаралық әйелдері күніне орай облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, Жаңаөзен политехникалық колледж басшысы, Жаңаөзендегі «Аналар кабинеті» төрайымы Т.А.Болатбаеваның ұйымдастыруымен, МО «Аналар кеңесі» және Мұнайлы ауданы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Байқау Ф.Оңғарсынова атындағы "Мұнайлы" мәдениет үйінде сағат 10:00-де басталады.