Ақтауда 26 мамыр күні сағат 9:00-12:00 аралығында велошеру өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 4-шағынаудан Ақтау қаласы әкімдігінің ғимаратынан бастап 15-шағынаудан «Халыққа қызмет көрсету орталығына» дейінгі автомобиль жолының бір бағыты уақытша жабылады
Ақтау қаласы әкімдігі және шара ұйымдастырушылары келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұрайды.