Әлеуметтік желіде «Бейнеу ауданының мектеп оқушылары арасында төбелес болды» деген видео тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Видеода иығына лента таққан түлектің бірі тас лақтырғаны анық көрінеді. Полиция бұл бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Төбелеске қатысқан 47 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, - делінген ПД хабарламасында.