Ертең, 13 қаңтар күні Ақтауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Ақтау қаласы әкімдігі 13 қаңтар күні (тек қана cенбі күні) 26 шағынаудан «Қасиет» медициналық орталық жанындағы көлік тұрағында қала кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды», делінген қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.