Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы өңір тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты туындаған сұрақтары мен мәселелерін тез арада шешу үшін жедел қолдау көрсететін байланыс CАLL-орталығы хабарласа алатынын айтты, - деп жазады mangystaumedia.kz
CАLL-орталықтың негізгі қызметі
* тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық ұйымдарға тіркелу ережелері және азаматтардың өз құқықтарының қорғалуы туралы
* Пациенттерді қолдауға қатысты сұрақтар
* Қол жетімділік және тиімділік - біз тәулік бойы байланыстамыз
Біз қалай жұмыс істейміз? Біздің тәжірибелі операторлар сізге кез келген уақытта, жұмыс уақытында немесе демалыс күндерінде көмектесуге дайын. Біз сіздің бізбен қарым-қатынасыңызды барынша ыңғайлы және тиімді етуге тырысамыз.
Бізбен қалай байланысуға болады?
Бізге 8 72 92 30 30 60 және +7775 877 62 59 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе reg_call_center@mail.ru электрондық поштасына хабарласыңыз.
Бейнежазбаны Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша "Түпқараған жастары" жастар қоғамдық бірлестігі әзірледі.
Источник: https://otpannews.kz