Ақтау қаласының тұрғындары "ҚазАзот" цехынан нитрозды газдың шығуын видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Оқиғаға байланысты экологтар тексеру жүргізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- 17 маусымда шамамен таңғы сағат 7:40-та «ҚазАзот» АҚ САК цехында №3 агрегатта іске қосу жұмыстары кезінде қалыпты технологиялық режимнен ауытқуы салдарынан нитрозды газдың қысқа мерзімді бөлінуі болған. Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-на жоспардан тыс тексеру тағайындайды. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады, - деп хабарлады мемлекеттік мекеме.