Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полиция полковнигі Мұрат Мұханов төтенше жағдайлар саласындағы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шара барысында «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі Ақтау қаласы «жедел-құтқару жасағының» құтқарушы-медбикесі Айман Тілеубергеноваға табыс етілді.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хатымен Ақтау қаласы ТЖД «жедел-құтқару жасағының» құтқарушы-мейірбикесі Меруерт Сұлтанова марапатталды.
Дәрігер Садық Алмас және Маңғыстау облысы бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының жедел-медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері Меңсұлу Көбееваға департамент басшылығы қызметтері үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.