Былтыр «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Дәулет ауылдық округіне және Жаңа Дәулет тұрғын массивінің Қызылтөбе ауылымен байланыстыратын аумағына орташа жөндеу жұмыстары жасалып, 4 шақырымдық асфальт төселген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алайда ауыл тұрғындары ауылішілік жолдардың мәселесі аса өзекті екенін айтады. Сондай-ақ тұрғындар жолсалу жұмыстары қашан жүргізілетінін сұрады.
Бұл ретте әкімдік тарапы құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады.
«Жаңа Дәулет тұрғын үй алабына – 8 шақырым, Дәулет ауылына (Ескі Дәулет) 7 шақырым асфальт салу бойынша жобалық іздестіру жұмыстары (ПИР) жасақталып, жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін аудандық экономика және қаржы бөліміне тиісті қаражат бөлуге ұсыныс берілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаңа Дәулет тұрғын алабының ауылішілік жолдарына орташа жөндеу, асфальт төсеу бағытында сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынғаннан кейін, тиісті қаражат бөлу жөнінде ұсыныс беріледі», - деді Дәулет ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.