Кәсіпкерлікті дамытуда Маңғыстау облысында мемлекеттен қолдау ретінде қаржы алып, бүгінде шаруасын дөңгелетіп отырған шағын кәсіп иелерінің қатары артып келеді. Ақшұқыр ауылында тұратында Рахат Нұрбаев бүгінде дәнекерлеу жұмыстары бойынша шағын цех ашып, тұтынушылар қажеттілігін өтеп отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінде 40 жасқа аяқ басқан Рахат Сембайұлы көп балалы отбасының қамқоршысы. Жұбайымен бірге 5 бала тәрбиелеп отырған ол биыл мемлекеттік қолдау аясында 1,3 млн теңге көлемін қаржы алып, кәсіпкерлікке қажетті жабдықтарға қол жеткізді.
«Биыл құжат тапсырып, өзіме керек құралдарды алып шаруамды бастап кеттім. Қызметіме жүгінгендердің қатары аз емес. Ақшұқыр ауылындағы шағын цехыма тәуліктің кез келген уақытында келетіндер жандарға қызметке үнемі даярмыз. Еңбек адамы үшін бұл қолдаудың маңызы зор. Соңғы үш жылдан бері дәнекерлеу ісіне ден қойып жұмыс істедім. Кейін жеке кәсіпті ашуға бел буған едім. Соған орай ісім алға басып, қазіргі уақытта қыруар істі атқарып отырған жайым бар», - дейді Рахат Нұрбаев.
Кәсіп иесінің айтуынша, дәнекерлеу ісіне мұқияттылық пен ептілік керек. Өз ісінене деген жауап кершіліктің арқасында ол ауыл тұрғындарымен бірге алыстан арнайы келетін тұтынушылардың қажетін өтеп жүр.
«Дәнекерлеу жұмысы айтуға оңай болғанымен оның қыр-сыры әр қилы болып кетеді. Темірді кесу, бір-біріне жалғауда із қалмас үшін үнемі біліктілікті артырып отыру қажет. Бұл ретте біз дәнекерлеудің ерекше түрін меңгеріп, одан қалатын бедердің ерекше тартымды болуына да баса мән береміз. Бұл талпынысымыз келген жандардың көңілінен шығып жүр деп ойлаймын. Ертеде темірден түйін түйген шеберлердің бүгінді жалғасы ретінде дәнекерлеу шеберлеріне деген сұраныс қай кезде де тоқтаған емес. Сол бағытта жұмымызда тұрақты жолға қойып, өз мүмкіндігімізді толық пайдаланып жүрген жайымыз бар», - дейді кәсіп иесі.
Бүгінде мемлекеттен қолдау ретінде қайтарымнан қаржы алып, кәсібің нәсіпке айналғандырғандың қатары көп. Солардың бірі Рахат Нұрбаевтың атқарып отырған ісі көпке үлгі. Көпшіліктің алғысына бөленіп, нәпақасын тауып жүрген ол өз ісінің болашақта кеңейтуді де қаперден шығарған емес.