Қазақстанда халық саны 20 миллионға жуықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 967 964 адамды құраған. Оның ішінде қала тұрғындары 12 387 957 адамға жетсе, ауыл тұрғындары 7 580 007 адамды құрап отыр.
Жыл басынан бері халық өсімі 1,02 пайызға, яғни 201,1 мың адамға артқан. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана (4,06%) мен Алматы (2,28%) қалаларында және Маңғыстау облысында – (1,94%) тіркеліп отыр.
Биыл халық өсімінің биылғы қарқынын ескерсек, 20 миллион адам көрсеткіші 2023 жылғы қарашада тіркеледі деп болжанып отыр.