Маңғыстауда «Бозжыра» аймағына қыдырып барып, адасып кеткен отбасы табылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Болған оқиғаға қатысты өңірлік төтенше жағдай департаментінен көмекке 1 техника, 2 қызметкер жұмылдырылды. Құтқарушылар спутниктік байланыс құралы арқылы сағат кешкі 18:07 шамасында адамдарды тапты.
Өткен аптада Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшесіне апаттық-құтқару жұмыстары бойынша 15 қоңырау келіп түскен.
Сондай-ақ Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылының Астана көшесіндегі 601үйдің 2 қабатындағы пәтерлердің бірінде 2 кішкентай бала кілттеніп қалған. Өрт сөндірушілер үш иінді сатыны 2 қабаттың терезесіне орнатып, есікті ашты. Пәтер ішіндегі 1 және 3 жастағы балалар анасының қолына тапсырылған.