Маңғыстауда 2-8 қазан аралығында “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шара мақсаты заңсыз көші-қон арналарын анықтауға және жолын кесуге, сонымен қатар көші-қондылықты бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған.
Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, құрылыс нысандарын тексеруде.
Аталған іс-шара аясында облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасымен бір күн ішінде 29 көші-қон заңнамаларын бұзған шетелдік анықталды.
- Тиісті материалдар ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша сотқа жіберілетін болады. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған жағдайда жеке және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз,- делінген Полиция департаментінің хабарламасында.