2023 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында полицейлер жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы 41 238 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.
Жасалған құқық бұзушылықтардың көпшілігі ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарда алкоголь өнімдерін ішумен байланысты болып отыр.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 31 663 дерегін тіркеуге алған.
Ал азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің көп арнасы бойынша жұмыс істейтін мобильді қосымша арқылы бір жылда 172 хабарлама қабылданды.
Сонымен қатар, бейнебақылау камераларының көмегімен 264 қылмыс анықталған.
Бұдан бөлек, "102" операторларына түрлі оқиғалармен байланысты 281 254 өтініш келіп түскені белгілі болды.