Маңғыстау облыстық білім басқармасының дерегіне сүйенсек биыл өңірде 89 229 оқушыға бір реттік тегін ыстық тамақ беріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олардың ішінде 72 229-ы 1-4 сынып оқушылары, 17 000-ы 5-11 сыныптың аз қамтылған отбасының балалары.
Ол үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда, мектеп асханаларының жағдайы, орын санын көбейту, тамақтандыру кестелерін ыңғайластыру жүріп жатыр.