Оқиға Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Тәжен» кеден бекетінде болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан азаматының көлігін тексеру кезінде электр лентасымен оралған күдікті пакет анықталған. Өзбекстан азаматы тексеру барысында қызметкердің қолынан пакетті жұлып алып, жұтып қойған.
«Ол орталық облыстық ауруханаға жеткізіліп, асқазанына компьютерлік томография жасалды. Асқазанынан бөгде зат анықталды», - деп хабарлады ведомство.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы пакетте жалпы салмағы 1,26 граммды құрайтын аса ірі мөлшердегі психотроптық зат метамфетамин гидрохлориді бар екенін көрсетті.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.