© www.uralskweek.kz
Биыл елімізде республикалық маңызы бар бірнеше автожолдар ақылы болады, деп хабарлады mangystaumedia.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-нің мәліметінше ақылы негізге көшіру кезең бойынша жүзеге асады.
«Еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023 жылғы 24 мамырдағы хаттамасын орындау шеңберінде ақылы автомобиль жолдарын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған, - деп жазылған "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ жауабында.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы жалпы ұзындығы 1,3 мың км болатын II және III техникалық санаттағы Қостанай-Троицк, Ақтөбе-Орынбор, Ақтау-Бейнеу, Қызылорда мен Ақтөбе облысы аралығында жолдар еніп отыр.
Айта кететін жайт, 2023 жылы автомобиль жолдарының 17 ақылы учаскесі бойынша 30 283 900 мың теңге табыс түскен.