Құлсарыдағы су тасқынына байланысты Бейнеу ауданындағы бекет тұрақты түрде жұмысын жалғастырып жатыр. Осы уақытқа дейін Құлсарыдан 16 мыңнан аса тұрғын келген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бейнеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрсейіт Оразовтың айтуынша, Бейнеуден Атырауға шығар жол жабық тұр. Сондықтан жүк тасыған көліктер сыртқа шыға алмайды. Тек Бейнеу ауданының тұрғындарына кіруге рұқсат берілген. Сонымен қатар ерікті бейнеулік жүргізушілер Құлсарыдан Бейнеуге адам тасымалдау үшін аудан шекарасынан шыға алатынын ескертті.
Жалпы Бейнеу бекетінде екі күнде аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы еңбек етіп, бақылау жүргізген.