
Маңғыстаулықтар су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасай отырып.
Ақтау қаласы бойынша гуманитарлық көмек 6 шағын аудандағы «Жастар орталығы» ғимаратында жиналуда. Қазір 1 тоннаға жуық азық-түлік, гигиеналық заттар, төсек жабдықтары жиналған. Сонымен қатар, қап, күрек те бар. Байланыс нөмірі: Нұрасыл Нұрбергенұлы.
Жаңаөзен қаласы бойынша гуманитарлық көмек «Жаңаөзен» ойын-сауық кешенінің ғимаратында жиналуда. Қазір 1 газель толық азық-түлік, киім-кешек, төсек жабдықтары, құрал-саймандар жиналды. Байланыс нөмірі: 87011330055 Айдын, 87751654848 Серікбай, 87014244242 Асқар.
Мұнайлы ауданына қарасты ауылдарда да гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Қазіргі кезде 1 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек жиналды. Байланыс нөмірі: Өмірбай, Саламат, Дәулетбай, Бауыржан, Құндызбай, Махтум, Атамекен ауылы Өтеген, Маңғыстау ауылы Ерлан.
Маңғыстау ауданының тұрғындары да тасқын судан зардап шеккендерге көмек жинауды бастады. Көмек ретінде бұзылмайтын азық-түлік, киімдер, гигиеналық заттарды қабылдайды. Кабылдау пункті «Amanat» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының ғимаратында орналасқан. Байланыс нөмірі: 87057397535, 87756160160
Қарақия ауданы бойынша гуманитарлық көмек Жетібай ауылындағы «Сүйінғара» мешітінің алдынан жиналуда. Қазір 1 тоннаға жуық азық-түлік, гигиеналық заттар, төсек жабдықтары жиналған. Сонымен қатар, 1000 қап, 250 күрек бар. Байланыс нөмірі: Талғат Бекқалиұл, аудандық мәслихат депутаты.
Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинап жатыр. Қабылдау пункті: «Жастар орталығы» ғимараты. Байланыс нөмірі: Гуласира
Тажбенова, Индира Гимуранова
Бейнеудегі гуманитарлық көмек «ҚазАвтоЖол» мекемесі Бейнеу бөлімшесінің базасындағы қоймада жиналып жатыр. Байланыс нөмірі: 8775 3619300 Нұрлан Жарасов.