Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің үшінші күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Қазақ тұрмысында ертеден үзілмей келе жатқан дәстүрдің ізімен Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Ысқақұлы «Жайдарлы» оңалту орталығының тәрбиеленушісі Сабыр есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бала алғашқы қадам жасауға талпынғанда жасалатын дәстүр – тұсаукесер. Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасына ұлттық салт-дәстүр күнінің енгізілуінде үлкен мән жатыр. Қазақ мәдениеті, өнері мен ұлттық салт-дәстүрі – ұлттың мәдени коды.
Бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, алғашқы қадамдары жасалған соң, ақ бата берілді.